Желі жұлдызы әкесінің үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізді.
Блогер, актриса Әсел Асқар жеке парақшасында ерекше видео жүктеді. Ол көпқабатты үйдің подъезін әрлеп жүр.
"Төр айлық жұмысымның нәтижесі осы болды. Парақшамдағы ең бағалы бейне ролик. Ең бағалы "бұрын және кейін" бөлімі. Мен нәтижеге жетіп, шынымен де осының бәрін мен жасадым ба деп ойлап отырмын. Қаншама рет жүйкем сыр берді. Айқай мен ұрыстың ортасында қалдым. Қорқыныш пен қуаныш қатар жүрді. Әкемнің өзі тұратын пәтерін осылай су жаңа етіп жөндеп бердім. Әкем – бақытты. Мен ризамын. Елестеткен дүниелерімнің бәрі орындалды", – деп жазды актриса.
Одан кейін блогер әкесінің өтінішімен көпқабатты үйдің дәлізін де әрлеп тастағанын көрсетті.
"Бір подъездің жыры бітті. Әкем бастайды, мен қостаймын. Осылай өмір сүріп жатырмыз. Әкем нәтижеге жұмыс істейтін адам. Сосын қол қусырып отыра алмайды", – деді блогер.
Главный редактор: Мадина Жатканбаева
+7 777 471 71 40
777kakon@mail.ru
© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023