Үкіметте ШҚО-дағы су қоймалары мен автожолдарды жөндеу мәселесі талқыланды

Орталық мемлекеттік органдар мен әкімдік басшыларының қатысуымен облыстағы Қандысу және Үйдене су қоймаларын, сондай-ақ өңірдің суармалы жерлеріндегі шаруашылықаралық және шаруашылықішілік каналдарды күрделі жөндеу мәселелері талқыланды.

дереккөз: primeminister.kz

Премьер-министр жалпы республика бойынша көптеген су қоймаларын күрделі жөндеу қажет екенін, сондықтан бұл жұмысты кезең кезеңімен жүргізу керектігін атап өтті. Жиында Бұқтырма су қоймасы арқылы көпір салу, республикалық және жергілікті маңызы бар күре жолдарға жөндеу жұмыстарын жүргізу, туристік нысандарға жол инфрақұрылымын тарту мәселелері де қаралды.

Сонымен қатар кеңеске қатысушылар "Алтай" көтерме-тарату орталығы, Риддер қаласындағы емханасы бар көпсалалы аурухана кешенін салу мәселелерін талқылады. Сондай-ақ тау-кен металлургия кешеніне инвесторлар тарту, қолданыстағы су электр станцияларын жақсарту және жаңа шағын стансалар салу, жылу көздеріндегі жөндеу жұмыстарының барысын бақылауды қамтамасыз ету және басқа да бірқатар мәселе қозғалды. Премьер-министр жоспарланған жобалардың уақтылы орындалуын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

"Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Марқакөл және Катонқарағай аудандарын қалпына келтіру жұмыстарын қамтамасыз етуді тапсырамын. Әкімдікпен бірлесіп, тапсырмалардың барлығын уақтылы әрі сапалы орындау үшін ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту қажет", — деп түйіндеді сөзін үкімет басшысы.

Дереккөз:nur.kz

9
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023