Үкіметте автожол саласын дамыту мәселелері қаралды

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен автожол саласы мәселелері жөнінде кеңес өтті. Талқылауға Көлік, Қаржы, Ұлттық экономика, Әділет министрліктерінің, ҰҚК Шекара қызметінің, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның басшылығы және мердігер ұйымының өкілдері қатысты. «Орталық – Батыс» жобасын іске асыру, автомобиль өткізу пункттерін жаңғырту, күзгі-қысқы кезеңде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп-ұстау мәселелері қаралды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

«Орталық – Батыс» жобасы бойынша жобалау, құрылыс-монтаждау жұмыстарының барысы, жер учаскелерін қаржыландыру, бөлу мәселелерін қоса алғанда, оны іске асырудың ағымдағы жағдайы қаралды.

Автомобиль өткізу пункттерін жаңғыртуға ерекше назар аударылды. Жұмыс сапасы, белгіленген мерзімдердің сақталуы, ведомствоаралық шешімді талап ететін мәселелер талқыланды.

Күзгі-қысқы кезеңге дайындық шеңберінде жол ұйымдарының республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын қысқы күтіп-ұстауға дайындығы пысықталды. Қажетті техникамен, тайғаққа қарсы материалдармен қамтамасыз етуге және қыс мезгілінде қауіпсіз, үздіксіз қозғалысты қамтамасыз етуге әзірлікке ерекше назар аударылды.

7
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023