10 қараша күні ҰҚК қызметкерлері Сирияда 2013 жылдан бері лаңкестік топтардың құрамында болған Қазақстан Республикасының азаматын Түркиядан Қазақстанға жеткізді.
фото: zakon.kz
11 қарашада Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде оның радикалды идеялардан түңіліп, лаңкестік әрекеттерден өз еркімен бас тартқаны, Түркияға қоныс аударып, отанына оралу үшін билікке бағынуға шешім қабылдағаны айтылған.
«Ол өзінің үлгісі арқылы лаңкестік әрекет одан әрі болуының бекер екенін көрсеткісі келді. Қазақстанға келгеннен кейін ол қамауға алынды»,- Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ оның үстінен Қылмыстық кодекстің 257-бабы (Террористтік топ құру, оған жетекшілік ету және оның қызметіне қатысу) бойынша қылмыстық іс тергеліп жатқаны айтылды. "Тергеу барысында өз еркімен берілу фактісі ескерілетін болады", - деп Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті қорытындылады. 2023 жылдың 31 қазанында ҰҚК қызметкерлері полиция қызметкерлерінің көмегімен Алматы облысының тұрғынын ұстады. Ведомствода ұсталған азамат лаңкестік идеяларды үгіттеумен айналысты деген күдікке ілінгенін түсіндірді.
Дереккөз: zakon.kz
Главный редактор: Мадина Жатканбаева
+7 777 471 71 40
777kakon@mail.ru
© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023