"Ас үйі әжетханаға ұқсайды": Жұлдыз Әбдікәрімова үйіне рум-тур жасады

Актриса балаларының бөлмесі мен ас үйін көрсетті.

Су жаңа үйдің видеосын әлеуметтік желіге жүктеді.

"Алдымен қыздарымның бөлмесін көрсетейін. Өздері дизайнермен ақылдасып отырып жасады. Көріп тұрғандарыңыздай теңіздің толқыны бейнелегенген. Өйткені қыздар сондай тематиканы жақсы көреді. Ұлдардың бөлмесіне де әлі алатын зат көп. Сіздерге шет жағасын көрсеттім. Гардеробын да, жуынатын бөлмені же жабдықтадық", – деп таныстырды актриса.

Одан кейін ас үйін көрсетті. Сөзінше, үлгісі стандартты ас үйлерге ұқсамайтын көрінеді.

"Ас үйді де ерекше етіп жасаттым. Мрамор тастарды ғана пайдаландым. Қоқыс шығаратын арнайы құрылғы орнаттым. Маған қабырғаға ілініп тұратын шкафтар ұнамайды. Жұмыс істеуге кедергі келтіретін сияқты. Сондықтан кеңістік жасауға тырыстым", – деді Жұлдыз.

Алайда оқырман қауым актрисаның ас үйін қызу талқыға салды.

"Ас үй емес, әжетханаға ұқсайды", "Су жаңа үйі мүлдем ұнаған жоқ. Керемет дүние күтіп едім", "Ақшасы бар, бірақ түк талғамы жоқ екен", "Неге кілем жоқ?", "Жайлылық жоқ, үйі салқын тартып тұр", "Дизайны онша емес", "Бәрібір түсте іш пыстырады ғой", "Артық ештеңе жоқ, минимализм", – деп жазды желі қолданушылары.

44
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023