Елдос Сметов – дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы, Рио Олимпиадасының күміс, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, Әлем және Азия чемпионы, "Парасат", "Барыс" ордендерінің иегері.
Париж Олимпиадасының чемпионы "Sport+Qazaqstan" YouTube арнасына сұхбат берді.
"Келіншегіммен ата-анам таныстырды. Анама уәде бергенмін. "Қыз тапсаңыз, осы қыз маған ұнайды" деп айтсаңыз, сол адамға үйленемін деп айтқанмын. Үлкен бір сапарда жүрген кезде танысқан. Сол қызға үйлендім", — деді спортшы.
Сондай-ақ ол балаларын әлеуметтік желіге салмайтынын жасырмады.
"Өзімнің балаға қатысты қағидам бойынша Tik Tok көрсетпеймін. Бірақ Instagram-ға кіріп тұрады. Әлеуметтік желі қазір қатты дамып кетті. Кез келген нәрсені, боқтап жатса да, ұятсыз дүние болса да көрсетіп жатыр, шектеу жоқ. Кішісі де, үлкені де көреді. Оны балаларыма көрсетпеуге тырысамын. Өте қауіпті қару ғой. Отырып алып балаларыма үгіт-насихат жүргізбеймін, ұрмаймын. Өзімнің іс-әрекетіммен тәрбиелеуге тырысамын. Аналарын, ата-апаларын, өз бауырларымды құрметтеймін. Сол арқылы үлгі боламын. Арманым — ең болмай қалды деген баланың өзі мен сияқты болса екен. Алладан соны тілеймін. Олардың бір жерде миллионер, атақты болуы емес, тәрбиелері алаңдатады. Ата-ананың қадір-қасиетін білетін, бауырын құрметтей алатын адам болуы маңызды", — дейді Елдос Сметов.
Главный редактор: Мадина Жатканбаева
+7 777 471 71 40
777kakon@mail.ru
© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023