Қоғамды ашуландырған оқиғаға қатысты журналист Саламат Рахымет Құндыз бен оның әпкесі Назгүлдің заңды қамқоршысы Зүлфия Төленовамен байланысқа шыққан. Қамқоршының айтуынша, әлеуметтік желіде тараған суретке оның қатысы жоқ көрінеді.
«Желіде тарап жатқан фотоны көріп, өзім де таңғалып отырмын. Бұл суретті кім түсіргенін, қалай шыққанын білмеймін. Егер бұл менің әрекетім болса, ешқашан қастандыққа бармас едім. Құндыз көбіне Назгүлді ұрып-соғады, мүмкін сол кезде байланған болуы мүмкін. Мен бұл жағдайды бүгін ғана білдім. Көбіне осы балалардың құжаттарымен ғана сыртқа шығамын. Бұған дейін қанша баланы асырадым. Мен өзіме қастандық жасамаймын», – деп ақталды Зүлфия Төленова.
Журналист Руслан Өтепбай асырушы әйелдің ішімдікке жақын болғанын жайып салды.
"Бәрі белгілі болды. Қиналып жүрген тек Құндыз бен Назгүл ғана емес екен. Желтоқсан айының 29-ы күні Зүлфия Төленованың үстінен ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Арызданушылар – асыранды балалары. Балалардың айтуынша, Зүлфия Төленова ішімдік ішіп алып, олардың мазасын алып, бірнеше рет қол көтерген. Аталған дерек бойынша қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Егер кінәсі дәлелденсе, заң аясында жауапқа тартылады. Бұл істі Жамбыл облысының полиция департаменті соңына дейін жеткізеді деп сенім білдіреміз", – деп жазды журналист.
Фото: Видеодан скриншот
Главный редактор: Мадина Жатканбаева
+7 777 471 71 40
777kakon@mail.ru
© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023