Ирригация және дренаж жүйелерін жетілдіру жобасының екінші кезеңі 93%-ға аяқталды

ҚР СРИМ Су шаруашылығы комитетінің төрағасы Арсен Жақанбаевтың айтуынша, «Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру, 2-кезең» жобасы іске асырылып жатыр. Жобаның мақсаты –Сырдария, Талас, Шу және Іле трансшекаралық өзендерінің бассейндерінде республикалық меншіктегі тозған ирригациялық және дренаждық жүйелерін реконструкциялау арқылы суармалы жерлердің сумен қамтамасыз етілуін және мелиорациялық жай-күйін жақсарту.

«Жоба 105 084 га суармалы алқапта ирригациялық – дренаждық жүйелерді қайта жаңартуды көздейді және 11 объектіден тұрады. Бүгінгі таңда жобада көзделген жұмыстар 93%-ға аяқталды», - деді спикер баспасөз конференциясында.

Оның айтуынша, 2022 жылы Жамбыл облысында 2 нысан пайдалануға берілді. Өткен жылдың желтоқсан айында Қызылорда облысының Жалағаш ауданында жобалық ауданы 15,1 мың га болатын «Қызылорда-1» ИДЖ жобасын іске асыру аяқталды. Объектіні ақаулы кезең аяқталғаннан кейін 2025 жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда. 2025 жылдың вегетациялық кезеңінің басынан бастап бұл суару жүйелері 25,1 мың га аумақта толық көлемде жұмыс істеуде. Қалған 8 нысан бойынша жұмыстар жүргізілуде, оның ішінде ағымдағы жылы 5 нысанды аяқтау жоспарланған.

252
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023