Инвестициялар тарту жүйесін одан әрі жетілдіру үшін өткен жылдың желтоқсан айында 2030 жылға дейінгі Инвестициялық саясат тұжырымдамасы қабылданды. ОКҚ-де өткен баспасөз конференциясында ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов атап өткендей, инвестиция тарту бойынша қолданыстағы барлық негізгі шара сақталды, сонымен бірге инвестиция тарту жүйесін жақсарту бойынша елеулі өзгерістер енгізілді.
Мәселен, әлемнің негізгі инвестициялық орталықтарында шетелдік өкілдіктер ашу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Kazakh Invest базасында «бір терезе» принципі бойынша бір жерде кешенді қызметтер көрсету үшін инвесторларды қолдау мен оларға қызмет көрсетудің бірыңғай ақпараттық орталығы – «Kazakhstan Investment House» құрылады.
«Инвесторлардың құқықтарын қорғауды нығайту мақсатында Бас прокуратура жанынан дауларды сотқа дейін реттеудің арнайы алаңы құрылады. Сонымен қатар әрбір өңірде инвесторларға құқықтық қолдау көрсетуді және инвестициялық жобаларды сүйемелдеуді қамтамасыз ететін инвестициялық прокурорлар пайда болады», – деді спикер.
Главный редактор: Мадина Жатканбаева
+7 777 471 71 40
777kakon@mail.ru
© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023