"Имамдар мен әншілер қолдап отыр": Экс-әйелінің ар-намысына тиген актер Нұрсұлтан Жақсыгенді кәнсілдеу басталды

Кино жұлдызы экс әйелімен ажырасып, оған ар-намысына тиетін сөз айтқан еді.

Threads желісінде белгілі коуч-тренер Роза Әшірбаева актерге қатысты жазба жариялады. Аз уақыттың үшінде жазба көп қолдауға ие болды.

"Нұрсұлтан Жақсыген жарнамалаған, қатысқан, оны қолдаған, оның сторисында пайда болған кез-келген адам, жоба, компания туралы ақпаратты осы жерге жинайықшы, өтініш. Білмей қалып, қолдап қоймайық.Скриншот пен комментарий болса да жіберіңіздер. Ол кімдермен бірге жұмыс істейтін еді? Оған кім тапсырыс беріп, жарнама жасатады? бәрін жазайық", – деп жазды коуч.

Айта кетейік, 20 жылдан кейін сахнаға қайта оралған "Көз тимесін" КВН командасының фильміне актер шақыру билетті өзі жасап алғаны әшкере болды.

"Нұрсұлтан Жақсыгенді біз киноға шақырған жоқпыз. Шақырылған қонақтардың тізімінде жоқ. Ресми мәлімдеме. Жабық көрсетілімге келгендер біледі. Ол Астана қаласында да, Алматыда да болған жоқ", – деп жазды КВН командасының ресми өкілі.

Желі қолданушылары бұрынғы әйеліне тіл тигізіп, балағаттаған актерді сынап жатыр.

"Фариза екеуі ажырасқанда-ақ байкот жариялау керек еді", "Имамдар мен әншілер қолдап отыр", "Негізі одан бәрі теріс айналған. Көп жігіттер қой деп хабарласқан. Бірақ ол да бір таскене екен. Өз ортасына көлденең қойып отыр. Айнала достарын аяғынан шалды", – деп жазды көпшілік.

Фото: Актердің жеке парақшасынан алынды

46
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023