ХҚКО операторларына жыл басынан бері 300 мыңға жуық бейнеқоңырау түсті

Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен «ХҚКО» қосымшасындағы бейнеқоңырау арқылы байланысып, мемлекеттік қызметтер бойынша кеңес алуға және өтініш беруге болады. Қазіргі уақытта 79 қызмет түрі қолжетімді, деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ

Бұл қызметті пайдалану үшін қосымшаның басты бетінде «Бейне қызметі» батырмасын басу керек. Құжаттарды диалогтық терезеде тіркей аласыз, содан кейін оператор өтінішті қашықтан қалыптастырады. Мемлекеттік баж екінші деңгейлі банк қосымшаларында төленеді.

– Сервис өз уақытын бағалайтын азаматтар үшін ыңғайлы. Егер халыққа қызмет көрсету орталығы үйден алыс орналасса немесе қарбалас уақытта жету қиын болса, азаматтар ХҚКО қызметкеріне бейнеқоңырау шалып, қызмет ала алады. Қосымша қазақстандықтар арасында сұранысқа ие. Бүгінгі таңда қосымшаның 400 мыңға жуық қолданушысы бар, – деп атап өтті Мемлекеттік корпорацияның Басқарма Төрағасы Арман Кенжеғалиев.(Дереккөз:ortcom)

9
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023