Мегажұлдыз Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков жеке парақшасында әкімдерге қолдау білдіріп, жазба жариялады.
Еліміздің бірқатар өңір басшыларының еңбегіне тоқталып, өз ойын ашық білдірді.
"Кім қалай түсінеді, ол жағын өздері айта жатар. Мен Алланың қалауымен көп шетелге барып жүрген адаммын. Бірақ қайда барсам да, біздің елдегідей жағдай мен тазалық еш жерде жоқ. Бізде қымбатшылық деп жатамыз ғой, қарасам, аналардың қымбатшылығының қасында біздікі жәй әншейін. Әрине, мені өзінің қарны тоқ болған соң, айта береді дейтін кісілер де табылар. Жарайды , енді мен саясаттанушы емеспін. Бірақ адамның аз да болса халыққа жасап жатқан еңбегін көрсем, сол адамдардың жақсылығын айтқым келіп тұрады", – деп бастады әңгімесін Нұртас.
Одан кейін өңір әкімдерінің тек жұмыс істеп, жемқорлықпен күресіп жатқандарын да айтып өтті.
"Менің айтайын деп отырғаным, қазіргі үлкен қалалардағы осы әкімдер жарап жатыр. Бұл әкім жігіттер, әкім болып келмей тұрып, кәсіпкерлікпен айналысқанның арқасында тұрмыстарын дұрыстап қойған жігіттер деп ойлаймын. Осылардың ісіне қарасам, халыққа жасап отырғандары ақша жеу емес екенін түсінемін. Халыққа іспен дәлелдеп жатыр. Осыдан 3-4 жыл бұрын көшелерде шұңқыр көп болатын, қазір іздеп жүріп түсейін десең шұңқыр жоқ", – деп әзілдеді продюсер.
Желі қолданушылары Нұртас Айдарбековтың жазбасын қызу талқыға салды.
"Өзіңіздің жағдайыңызбен салыстырмаңыз. Халық атынан сөйлемеңіз. Бір үзім нан таба алмай отырған отбасы көп", "Тапсырыспен жазылған пост сияқты", "Әкімдердің мақтауын асырыпты, енді бір марапат алады-ау", "Қазақстанды шетелдегі айлықпен салыстырыңызшы", – деп жазды көпшілік.
Главный редактор: Мадина Жатканбаева
+7 777 471 71 40
777kakon@mail.ru
© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023