Блогер Ақтолқын Сейт желіде жазба жариялады.
Актер Жахан Отарғалиев әнші Балжан Бидашпен ажырасып кеткен еді. Одан кейін екі қызы бар блогер келіншекке үйленіп еді.
"Екі баламен есі дұрыс еркек таба аламын деп ойладың ба? Иә, таптым. Ол қамқорлықтың не екенін сөзбен емес, іспен дәлелдеді. Мен балалармен бірге қатты қорықтым. Ал, ол менен де екі есе қорқыпты. Себебі оның балалары болмады. Ол жаңа рөлді үйренсе, біз онымен бірге отбасы болуды үйрендік. Ол балаларымның тілін тапты. Балалар да оны жақсы көріп қалды. Ол балаларды мектептен кейін үйге алып келеді. Менің кіші қызым үнемі балаларды мектептен кейін әкелері алып кететінін, оның да әкесі болғанын қалайтынын айтатын. Ол мені ғана емес, ол бізді таңдады. Көпшілік оның ұстамды емес екенін айтқан еді. Бірақ мен оған сендім. Маған бәрі өгей бала өзінікіндей, туғанындай болмайды деп айтып еді. Кейде біреулерді емес, өзіңді тыңдауың керек. Мен олардың бірге келе жатқанын көргенде, мен өзімнің дұрыс таңдау жасағанымды түсінемін. Ол өте қамқор әрі жауапкершілігі мол адам. Әрбір қиындықтың артында жеңілдік тұрады. Енді менің аналық жүрегім орнына түсті", — деп жазды блогер.
Главный редактор: Мадина Жатканбаева
+7 777 471 71 40
777kakon@mail.ru
© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023