Этникалық қазақтарды «Ата жолы» картасына тарту бойынша шаралар қолға алынды

ҚР ЕХӘҚМ Көші-қон комитетінің төрағасы Аскарбек Ертаев ОКҚ алаңында ҚР 2023-2027 жылдарға арналған көші-қон саясатының тұжырымдамасының негізгі бағыттарына тоқталды.

Бизнес иммиграция бағыты бойынша әлемде инвестициялар үшін бәсекелестіктің күшеюі аясында елдегі бизнес-иммиграцияны одан әрі дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде этникалық қазақтарды «Ата жолы» картасына тарту бойынша шаралар қолға алынды. Осы картаны алуға үміткерлердің географиясы кеңейіп келеді.

«Ресей Федерациясы, Моңғолия сияқты таяу шет елдермен қатар, «Ата жолы» картасын алуға АҚШ, Еуропалық Одақ елдерінің азаматтары – этникалық қазақтар да қызығушылық танытуда», - деді спикер.(Дереккөз:ortcom)

«Ата жолы» картасы өз елдерінде сұранысқа ие кәсіптері бар немесе табысты бизнес-кейстерді іске асырған және оларды Қазақстанда кеңінен қолдануға ниет білдірген этникалық қазақтарға беріледі.

«Бүгінгі күні «Ата жолы» картасы 44 этникалық қазақ отбасына берілді», - деді комитет төрағасы.

16
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023