18 қараша күні Астанадағы Республикалық Бас мешітте Болат Назарбаевты еске алу кеші өтті. Тілшіміз оқиға орнында болды.
Фото: ulysmedia
Естеріңізге сала кетейік, Болат Назарбаев 13 қарашада, сағат 9.28-де жүрек қызметінің тоқтауынан (асистолия) көз жұмды.
Бір күн бұрын Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына үндеу жариялап, «қолдау сөздері үшін» алғысын білдірді.
Көңіл білдіруге келгендердің бірі - экс депутат Айгуль Соловьева. “Мен көңіл айтуға келдім. Тұңғыш Президент өте жақсы сөз сөйледі”,-деп бөлісті.
Экс депутат сондай-ақ Тұңғыш Президенттің ас барысында айтқан сөзін баяндады: “Мен өз борышымды орындадым. Көңілім тыныш. Оны адамдар қалай бағалайтынын, бір ғана буынның емес, тарихи өлшемге тиесілі”.
Сондай-ақ асқа шақырылғандар тізіміне кірген Ө.Шөкеевпен тілдестік. Тілшілер қаңтардан кейін неліктен жұмыссыз қалған себебін сұрастырды. Мүмкін,мәселе жаңа билікке жақпай қалуда ма? “Өз шаруаларымен айналысып отырмын.Жұмыс істемейтін адамға шаруа көп қой. Барлығы да жақсы”-,деп экс әкім өз ойымен бөлісті.
Жолдасбек Мырзатай кезінде,билікте болғанда неліктен шындықты айтпадыңыз деген сұраққа: “Мен жазғандарымды оқысан, бәрінде шындықты айтқанмын”-, деп жауап қатты.
Главный редактор: Мадина Жатканбаева
+7 777 471 71 40
777kakon@mail.ru
© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023