Ерлан Қошанов қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына шақырды

Бүгін Қазақстан үшін маңызды саяси күн. Еліміздің азаматтары жаңа Құрылтай депутаттарын сайлау үшін дауыс беріп жатыр. Осыған орай Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов та өз таңдауын жасап, қазақстандықтарды сайлауға белсенді қатысуға шақырды.

Ерлан Қошанов бұл туралы өзінің Facebook парақшасында жариялаған жазбасында мәлімдеді. Ол бүгінгі күнді еліміз үшін тарихи күн деп атап, жаңа Құрылтай депутаттарын сайлауды Қазақстандағы ауқымды саяси реформаларды жүзеге асыру жолындағы маңызды қадам ретінде бағалады.

«Бұл – жұртшылықтың кең қолдауына ие болған жаңа Халықтық Конституцияны іс жүзінде жүзеге асыруға бағытталған маңызды қадам. Мемлекет басшысы жүргізіп отырған ауқымды реформалардың заңды нәтижесі», – деп жазды Ерлан Қошанов.

Мәжіліс төрағасы өз дауысын Қазақстан темір жолы ғимаратында орналасқан сайлау учаскесінде бергенін хабарлады. Оның айтуынша, азаматтардың сайлауға қатысу белсенділігі таңертеңнен-ақ байқалған.

«Адамдар таңертеңнен бастап белсенді түрде дауыс беріп жатыр. Сайлауға отбасыларымен бірге келіп жатқандар көп», – деді ол.

Ерлан Қошанов бүкіл ел бойынша сайлаушылардың белсенділігі жоғары болады деген сенім білдірді. Сонымен қатар ол азаматтарды сайлау учаскелеріне келіп, өздерінің азаматтық парызын орындауға шақырды.

Жазбасының соңында Ерлан Қошанов елдің болашағын қалыптастыруда азаматтардың белсенді қатысуының маңызын атап өтіп, қазақстандықтарды ортақ мақсат жолында бірлікте болуға үндеді.

«Қуатты, Әділетті, Прогрессивті Қазақстанды бірге құрайық!» – деп қорытындылады Мәжіліс төрағасы.

Фото: Facebook/Ерлан Қошанов

26
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023