Ерекше балалаларды тәрбиелеп отырған және көпбалалы отбасыларды мемлекет тарапынан қолдау маңызды.

Қазақстан Республикасының премьер-министрі Ә.А. Смайыловқа «Қазақстан Халық партиясы» фракциясы өкілдерінен депутаттық сауал жолданды.

Бүгінгі таңда 550 мың көпбалалы және 107 мың ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасы саналып отыр, олардың жартысынан көбі баспанасыз. Елімізде орын алып отырған жағдайлар саласынан,көптеген ата-аналар балаларын қалдырып,екі жұмыс істеуге мәжбүр. Сауал барысында ең алдымен балалардың қауіпсіздігін, денсаулығын, тәрбиесін бірінші орынға қою маңыздылығы талқыланды. Өкінішке орай,халық қажетті әлеуметтік көмек алмай, салдарынан несие алып,төмен жалақы салдарынан, уақытылы несие жабумен қиналуда. Жоғарыда аталып өткен жағдайдың шешімі ретінде айлық пен жәрдемақы мөлшерін көтеріп, үй алу жолдарын қолжетімді жасау болып табылады. Халық саны туралы мәліметтерді салыстыра отырып, Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бері халық саны 16 миллионнан 20 миллионға, яғни 32 жылда 4 миллионға ғана өсті. Алайда,демографияны көтеріп жатқан көпбалалы отбасылардың біразы кедейшілікте өмір сүріп жатыр. Көпбалалы отбасыларға қолжетімді көмек ретінде Ресей мен Беларустың тәжірибесіне назар аударуға болады.Мысалы, Ресейде 2007 жылдан бастап жұмыс істей бастаған «Аналық капитал» бағдарламасы бар. Осы бағдарламаға сәйкес, бала туылған кезде отбасы 587 мың рубль, біздің ақшаға аударғанда 3 млн теңге мөлшерінде көмек алады. Беларустағы 2015 жылдан бастап енгізілген “Отбасылық капитал” бағдарламасы – үшінші немесе одан кейінгі балалар туылған, асырап алған кезде отбасыларға біржолғы қолма-қол қаражат мөлшері 10 мың АҚШ долларын, яғни 4 млн 650 мың теңгені құрайды. Бұл шаралар отбасыларға қолдау көрсетіп қана қоймай,елдердегі туу көрсеткіштерін арттыруға мүмкіндік берді. Мемлекет алдына әр қазақстандықтың лайықты өмірін қамтамассыз ету мақсатын айқындап, сауалға жауапты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде жазбаша түрде беруін фракциясының депутаттары: Г. Танашева, М. Магеррамов, И. Смирнова, К. Сейтжан, И. Сұңқар күтуде.

135
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023