Энергомин Қарашығанақ газ өңдеу зауыты жобасының іске асуын үйлестіруде

Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаевтың төрағалығымен жылына 5 млрд м³ дейін газ өңдеу қуаттылығы бар Қарашығанақ газ өңдеу зауытын салу жобасын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өтті.

Кеңеске «QazaqGaz» ҰК» АҚ, Қарашығанақ жобасы акционерлерінің, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің, сондай-ақ Өкілетті органның (PSA) өкілдері қатысты.

Кеңес барысында жобалаудың бастапқы кезеңіндегі жұмыстардың барысы, газ құбырын салу, қосылу нүктесін айқындау және шикі газды есепке алуды ұйымдастыру мәселелері қаралды. Сонымен қатар коммерциялық шарттарды келісуге, оның ішінде шикі газды әкету жөніндегі қызметтерді көрсету туралы келісімге (Evacuation Service Agreement), аталған қызмет үшін төлемақыға (Evacuation Service Fee) және шикі газды беру шарттарына ерекше назар аударылды.

Энергетика министрлігі Қарашығанақ газ өңдеу зауытын салу жобасының іске асырылу барысын тұрақты бақылауда ұстап, техникалық және коммерциялық мәселелерді уақтылы шешу және жобаны одан әрі ілгерілету мақсатында мүдделі тараптардың жұмысын үйлестіруді қамтамасыз етеді.

Фото: gov.kz

7
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023