Энергетика және ТКШ жаңғырту: отандық тауар өндірушілерді қолдауға баса назар аударылады

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Тимур Қосымбаевтың айтуынша, «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру кезінде отандық тауар өндірушілерді дамытуға және сатып алудағы елішілік қамту үлесін арттыруға ерекше назар аударылады.

«Тауар позициялары мен EPC-мердігерлерге ауқымды талдау жүргізілді. Жалпы сомасы 2,2 трлн теңге болатын 2 786 тауар позициясы анықталды. Өңірлер мен лицензиялар бойынша 669 EPC-мердігер анықталды. Осы сұранысты қамтамасыз ету үшін 220 әлеуетті отандық тауар өндірушілердің пулы жасақтады. Отандық тауар өндірушілерді дамыту импортқа тәуелділікті азайтып, қосымша жұмыс орындарын құруға, сондай-ақ бюджетке төленетін салық түсімдерін ұлғайтуға мүмкіндік береді», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

154
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023