Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Бельгия Премьер-министрі Барт де Вевер екі ел ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен перспективасын талқылап, саяси диалогты нығайту, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды дамытуға айрықша назар аударды.
Мемлекет басшысы Бельгияны Қазақстанның Еуропалық Одақтағы басты серіктестерінің бірі ретінде атады.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, экономикалық ықпалдастықтың қарқыны бұдан да зор әлеуетке ие. Бельгия Қазақстан экономикасына қаржы құйған 10 жетекші инвестордың қатарына кіреді. Соңғы 20 жылда аталған елден келген тікелей инвестицияның жалпы көлемі 15 миллиард долларды құрады.
Өзара сауда айналымы да тұрақты түрде өсіп келеді. Оның көлемі былтыр 580 миллион доллардан асты.
– Қазақстанда Бельгия капиталының үлесі бар 110-нан астам компания жұмыс істейді. Бұл өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға деген ортақ ұмтылысымызды аңғартады. Танымал бельгиялық компаниялар біздің елдің нарығына көптеп келіп жатыр, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Главный редактор: Мадина Жатканбаева
+7 777 471 71 40
777kakon@mail.ru
© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023