Ресейден Қазақстанның солтүстігі мен шығысына газ тарту мәселесі осы жылдың соңына дейін айқындалады. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов айтты.
Дереккөз: НК QazaqGaz
«Қазіргі уақытта еліміздің солтүстігі мен шығысын газдандыру мәселесін ресейлік серіктестермен пысықтап жатырмыз. «Газпром» компаниясы бүгінде аталған жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуде. Меніңше, жылдың соңына қарай еліміздің солтүстігі мен шығысын қалай газдандыратындығымызға қатысты мәселе айқындалатын болады», - деді вице-министр БАҚ өкілдеріне арналған брифингте. Оның атап өтуінше, газ бағасы қанша болатындығы әзірше белгісіз.
“Әзірше шешім жоқ. “Газпромнан” ресми деректерді алғаннан кейін қосымша хабарлаймыз”, деді Әлібек Жамауов.
Дереккөз: kaz.inform
Главный редактор: Мадина Жатканбаева
+7 777 471 71 40
777kakon@mail.ru
© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023