Елімізді 20 миллион санына жеткізген нәресте Бурабай ауданында дүниеге келген

Марат Ахметжанов еліміздің мерейтойлық тұрғынының отбасын құттықтады. Ақмола облысында 20 миллионыншы тұрғын дүниеге келді.

Фото: Қосшы жұмыспен қамту қауымдастық Facebook парақшасынан

Бала Бурабай ауданында дүниеге келді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ол Динара мен энергетик Айдар Исеновтар отбасында дүниеге келген сәби болды. Дәрігерлердің айтуынша, ананың жүктілігі қалыпты болды, қазіргі уақытта нәресте мен ананың жағдайы қанағаттанарлық.

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов ел Президентінің атынан отбасын сәбидің дүниеге келуімен құттықтады.

«Бүгін мемлекет басшысы, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халықты еліміздің жиырма миллионыншы тұрғынының дүниеге келуімен құттықтады! Осынау атаулы оқиғаға біз де қуаныштымыз.Еліміздің жиырма миллионыншы тұрғыны болып өмір есігін ашқан перзенттің Ақмола облысының ерекше бір көркем, көрікті, сұлу жері Бурабайда дүниеге келуі біз үшін тіпті ерекше сый! Ол қай жерде туылса да-бұл бүкіл Қазақстан халқының қуанышы. Мемлекет денсаулық сақтау мен білімге көп көңіл бөледі, біздің балаларымыз жақсы білім мен медициналық көмек ала отырып, қолайлы ортада өсуі керек. Бұл Отанымыздың тұрақтылығы мен өркендеуінің жарқын айғағы", - деп атап өтті М.Ахметжанов.

"Біздің отбасымыз үшін бұл күтпеген және өте қуанышты күн! Бұл біздің екінші баламыз! Баршаңызға бейбіт аспан тілеймін! Біз өз тарапымыздан балаларымыздың бақытты отбасында және бейбіт мемлекетте өсуіне ықпал етеміз", - деді отағасы Айдар Исенов.

Дереккөз:Қосшы жұмыспен қамту қауымдастық Facebook парақшасынан

10
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023