Бүгінгі күні 30 жоғары оқу орны жасанды интеллект бойынша 38 білім беру бағдарламасын іске асырып жатыр. 2025 жылдан бастап барлық білім беру бағдарламаларына жасанды интеллектіні қолдану дағдылары енгізілді. Қазірдің өзінде 95 жоғары оқу орны оқу жоспарына жасанды интеллект пәндерін енгізді. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглова хабарлады.
Оның айтуынша, әзірленген бағдарламалар әлемдік технологиялық трендтерге сәйкес келеді.
«Бұл бағдарламалар студенттерге тек трендтерді ғана емес, сонымен бірге оқыту барысында математикалық және сыни ойлау дамиды, инженерлік дағдылар қалыптасады. Бағдарлама студентке екі бағытта нәтиже береді. Біріншісі – нақты құралдар мен дағдылар. Екіншісі – осы дағдыларды нақты салаларда қолдану. Мысалы, медицинада деректерді талдау, энергетикада тиімділікті арттыру, көлікте немесе агроөнеркәсіпте өндірісті оңтайландыру», - деді спикер баспасөз конференциясы барысында.
Сонымен қатар, оқытушылардың біліктілігін арттыру жүріп жатыр. Профессорлық-оқытушылар құрамының 54% жасанды интеллект бойынша курстардан өтті.
Жасанды интеллект бойынша әзірленген жаңа білім беру бағдарламалары бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейлерін толық қамтыды.
Главный редактор: Мадина Жатканбаева
+7 777 471 71 40
777kakon@mail.ru
© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023