Елімізде Бірыңғай сауда стандарттары енгізілді

ҚР СИМ Сауда комитеті төрағасының орынбасары Ернұр Жәутікбаевтың айтуынша, базарлар қызметін құқықтық реттеу бөлігінде бірқатар шаралар қабылданды.

Атап айтқанда, сауда қызметтерінің Ұлттық стандарттары әзірленіп, енгізілді. Санитарлық, өртке қарсы, қала құрылысы, сондай-ақ сатып алушылар мен кәсіпкерлер үшін қауіпсіздік пен жайлылық талаптары сияқты барлық процестерге бірыңғай талаптар қойылды.

«Ішкі сауда және сауда базарлары қызметінің ережелері жетілдірілді. Жаңа редакцияда стандарттар мен нормаларды сақтау міндеттілігін, базар регламенттерін бекіту тәртібін, әкімшілерге қойылатын талаптарды және жалдау шарттарын жасасудың бірыңғай тәртібі бекітілді», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Сонымен қатар, заңнаманың орындалуына және әкімшілік ықпал ету шараларына бақылау күшейтілді. Тәуекелдерді бағалау критерийлері мен тексеру парақтары қайта қаралып, базарларға 11 жаңа талап қосылды.

Фото: shutterstock.com

174
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023