Елімізде Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлердің өкілеттіктері кеңейтілді

Биыл 1 ақпаннан бастап Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлердің өкілеттіктері кеңейтілді, оның ішінде балаларға қызмет көрсететін ұйымдарға санитарлық бақылауды күшейту жөнінде нақты жаңа қағидалар енгізілді.

«Бұдан былай мемлекеттік санитариялық дәрігерлер бюджет бағдарламаларының әкімшілеріне құқық бұзушылық себептерін жою туралы жеке ұсыныс енгізе алады, сонымен қатар,мемлекеттік меншік нысандарына қатысты жергілікті атқарушы органдар мен мемлекеттік органдарға міндетті ұсынымдар жолдайды, сондай-ақ бұл ұсынымдардың орындалуын талап етуге құқылы болады. Негізгі мақсат – балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, нақты алдын алу шараларына көшу және бұзушылықтарды ерте анықтап, жою үшін енгізілді», – деді Астана қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхамғали Арыспаев.

92
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023