Осыған дейін де тариф бірнеше мәрте өсті. Наурыз айының қорытындысы бойынша бір айда 5.9%-ке, ал бір жылда 26 пайызға бірақ шарықтаған. Қызығын заңды белшесінен басқан компаниялар мен ортадағы делдалдар көріп отыр. Өйткені электр желілерінің 70 проценттен астамы тозған. Алайда ескіріп, құлағалы тұрған қондырғылар мен станциялардың жаңарып жатқаны кемде кем.
Екібастұз ГРЭС-1 энергия өндіретін 8 теңгеден өзінің энергиясын сатса, ал мына делдалдар 25-28 теңгеге дейін сатып отыр. Ешқандай өндірісі жоқ, ешқандай энергияны тасымалдамайды, ешқандай электр энергиясы жоқ, бағаны жоқ, трансформаторы жоқ, материалдық құндылықтары жоқ бұлар үлкен пайда көріп отыр. Біздің ойымызша әрбір делдал кемінде 1 млрд таза пайда көреді. Ондай 100-ге жақын сондай делдалдар бар. Яғни, олар ортадан майшелпек дейді ғой. "Супер" пайда көріп отыр да-деді Еділ Жаңбыршин ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.
Редакция нөмірі: 87774717140 Ютуб каналы және 4vlastinfo.kz сайтына тіркеліңіздер
Главный редактор: Мадина Жатканбаева
+7 777 471 71 40
777kakon@mail.ru
© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023