БҚО бойынша шахталық тәсілмен калий тұздарын өңдіру үшін “Qazaq Kalium” мекемесі жақында лицензия алмақшы екен. Өнеркәсіптен шыққан тұз қалдықтары ашық жер бетінде сақталатын туралы жергілікті тұрғындар адам денсаулығына,Жайық өзеніне алдыңғы уақытта зиян тигізетіні жайлы өз шағымдарын түсірді.
Дереккөз:ortcom.kz
Бүгінгі күнде бұл шағымдар қаралмай отыр. Жақында “АрселорМиттал”, “Қазақмыс” корпорациялары және көптеген олигархатрдың өндіру жұмыстарымен айналысатын мекемелер мемлекеттік шарттарды бұзып, қоршаған ортаға зиянын тигізіп жатқаны жарияланып жатыр. Осы орайда осындай мекемелер жұмысына рұқсат беріп, экологияға зиянын тигізетін болса, осындай мекемерді әлі де қолдауда ма? Одан бөлек осы мәселеге байланыста қандай жұмыстар атқарылып жатқаны брифинг аясында белгілі болды.
“Жалпы бұл кен дүниежүзінде жер асты қоры ең мол кен орындардың бірі,болашағы үлкен. Егер ол жоба іске асқан жағдайда,еліміздің бюджеттік жағдайын шешуде үлкен септігін тигізеді”-, деп жалпы жағдайға әкім баға берді.
“Арселормиттал”- да орын алған апаттың алдын алу шаралары да аталып өтті. Жаңадан құрылып жатқан кен орындарында осындай апаттың қайталанбауына кім кепіл?
“Бұл жерде біріншіден жерді қазуға рұқсат беретін орталық ақпарат арқылы шешіледі. Үлкен жобаны бастаған жағдайда,барлық талаптар өте қатаң түрде болады, оған белгілі бір талаптар қойылады. Екіншіден,барлық экологиялық сұрақтар құрылыс барысында қаралады. Халық денсаулығына нұқсан келмейтін жағдайда ғана құрылыс жүзеге асады. Барлық санитарлық талаптар сақталады. Алаңдаушылыққа негіз жоқ”,-деп осы сұрақ аясында әкім өз жауабын берді.
Алайда өнеркәсіптен шыққан тұз қалдықтары ашық жер бетінде сақталады.Өңдеу барысына мекемелерге шарт қою жайлы сұрақ көтерілді. Бұл жағдайға байланысты Нариман Төреғалиұлы : “Сол жерге лицензия берген министрліктер міндетті түрде мекеме алдында шарт қояды.Экологиялық талаптар, өндірістік бақылау талаптарын орталық орган бекітеді”,-деп өз сөзін аяқтады.
Дереккөз:ortcom.kz
Главный редактор: Мадина Жатканбаева
+7 777 471 71 40
777kakon@mail.ru
© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023