Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев туризм саласында 2025 жылға дейінгі бағдарлама әзірленгенін атап өтті.Туризмді дамытудың негізгі нүктелері Балқаш пен Қарқаралы ұлттық табиғи паркі болып табылады.
Дереккөз:ortcom.kz
«Биылғы жылы жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеден аса инвестициямен 110 номерлі 8 туризм нысанын іске қосу күтілуде. Келесі жылы 1,4 млрд теңгеден аса сомаға 7 жобаны іске асыруды жоспарлап отырмыз.Сондай-ақ, Балқашта жаңа жобалар үшін 169 гектар бос жер телімдері қалдырылды», - деді өңір басшысы ОКҚ алаңында.
Оның сөзінше, әлеуетті инвесторлар үшін Қарқаралы ауданында 20 жер телімі бар. Қарқаралы ауданында туризмді дамыту мақсатында «Бұғылы» рекреациялық аймағы белгіленген.
Дереккөз:ortcom.kz
Главный редактор: Мадина Жатканбаева
+7 777 471 71 40
777kakon@mail.ru
© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023