Еңбек қорғау министрлігі жанындағы Ахуалдық орталық ел кәсіпорындарындағы ахуалға күнделікті мониторинг жүргізеді

Қазақстандықтардың еңбек құқықтарын қорғау бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі. Бұл туралы ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы – ҚР Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конферецниясында хабарлады.

Оның айтуынша, Еңбек министрлігі жанындағы Ахуалдық орталық ел кәсіпорындарындағы ахуалға күнделікті мониторинг жүргізеді. «Биыл 1 қаңтардағы жағдай бойынша республика бойынша мониторингте әртүрлі еңбек тәуекелдері бар 109 кәсіпорын болды. Өткен кезеңде алғышарттары бар немесе еңбек жанжалдары болған 149 кәсіпорын Ахуалдық орталық мониторингіне енгізілді. Бүгінгі күнде 69 кәсіпорын бақылауда, олар бойынша уәкілетті мемлекеттік органдар және еңбек жанжалдарын болдырмау бойынша шаралар қабылдауда», – деді Төлеген Оспанқұлов.

Дереккөз:ortcom

6
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023