ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафиннің айтуынша, Электрондық еңбек биржасында жұмысқа орналасудың ашықтығы мен ыңғайлылығын арттыру үшін мыналар енгізілді: еңбек мигранттарымен және кәмелетке толмағандармен электрондық еңбек шарттары, электрондық ұжымдық шарттар, қызметкердің жеке кабинетінде аурухана парақтарын көрсету, кәсіподақтар үшін автоматтандырылған жұмыс орны, HR Enbek арқылы жазатайым оқиғалар туралы хабарламаларды цифрлық түрде жіберу.
«Әлеуметтік қызметтер порталын дамыту шеңберінде жаңа функциялар енгізілді: ымдау аудармашысы мен жеке көмекшінің қызметтеріне пікір, егер жеткізуші тауарды 3 күн ішінде өткізбесе, тапсырысты автоматты түрде жою, санаторий-курорттық емделуге келгенін смс-пен растау. Сондай-ақ жеткізу қызметі және Яндекс жеткізумен пилоттық жоба қолға алынды», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Главный редактор: Мадина Жатканбаева
+7 777 471 71 40
777kakon@mail.ru
© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023