ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаевтың айтуынша, бүгінде тарихи Отанына қоныс аударатын этникалық қазақтар үшін бес бағыт бойынша мемлекеттік қолдаудың жаңа шарттары мен тетіктері іске асырылуда.
«Қандастарды қоныстандыруды реттеу үшін оларды аумақтарға саралай отырып, өңірлер (аудандар мен елді мекендер бойынша) бөлінісінде қоныстандырудың интерактивті картасы әзірленді. Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған қоныстандыру өңірлерінде бейімделу және интеграция орталықтарын құру жөнінде шаралар қабылдауда», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Главный редактор: Мадина Жатканбаева
+7 777 471 71 40
777kakon@mail.ru
© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023