Әлеуметтік сақтандыру жүйесіне екі жыл және одан да көп уақыт қатысқан әйелдерге Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала күтіміне байланысты төленетін төлем отбасының санатына қарамастан сақталады. Мұқтаждық қағидаты тек бюджеттен төленетін бала тууына байланысты біржолғы жәрдемақыға ғана қолданылады.
Жәрдемақыны С, D және Е санатындағы отбасылар алады.
«Егер ана бала туғанға дейін жұмыс істемесе, А және В санатындағы отбасыларға республикалық бюджеттен төлем берілмейді. Ал жұмыс істемеген ана С, D немесе Е санатына жатса, оған республикалық бюджеттен тиісті төлемдер мен жәрдемақылар төленеді», – деді ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Егер анасы декреттік демалыс кезінде жұмысқа шықса, бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем сақталады.
«Жұмысқа мерзімінен бұрын шығу төлемнің тоқтатылуына себеп болмайды. Төлем бала бір жарым жасқа толғанға дейін жалғасады. Әйел жұмысын жалғастырып, бала күтімімен де айналыса алады, төлемнен айырылмайды», – деп толықтырды министр.
Главный редактор: Мадина Жатканбаева
+7 777 471 71 40
777kakon@mail.ru
© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023