Еңбек инспекторлары 22 мыңнан астам қызметкердің құқықтарын қорғады

Биыл мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 940 кәсіпорын 6,3 млрд теңгеден астам сомаға 24 мың жұмыскерге жалақы бойынша берешек екенін анықтады.

20 қарашада жалақы бойынша берешек 34 кәсіпорында 1,9 мыңнан астам қызметкердің алдында 910 млн теңгені құрайды. Бұл туралы ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы – ҚР Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

«Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 22 мыңнан астам қызметкердің құқықтары қорғалды. Оларға 5,4 млрд теңге төленді. Еңбек инспекторлары жұмыс берушілерге 1224 ұйғарым беріп, 170 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салды», - деді спикер.

Дереккөз: ortcom.kz

10
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023