Джеки Чанның командасы Ақтауға фильм түсіруге келді деген ақпарат тарады

Әйгілі актер Джеки Чан мен "Доспехи Бога: Ультиматум" фильмінің режиссері Роберт Кун жаңа кино жобасының түсірілімін Маңғыстау облысында өткізуді жоспарлаған

Желіде пайда болған кадрлардан Джеки Чанның командасы қаладағы қонақ үйлердің біріне тоқтағанын көруге болады.

"Ақтауға Джеки Чанның командасы келді", – деп жазды видео авторы.

"Әлемдік кино жұлдызы Джеки Чан мен “Доспехи Бога: Ультиматум" фильмінің режиссері Роберт Кун жаңа киноны түсіретін негізгі алаң ретінде Маңғыстау облысын ресми түрде бекітті», — делінген ресми мәліметте.

Шетелдік кино командасы Маңғыстау өңірін аралап, табиғи ландшафт пен инфрақұрылымды зерделеп жүр. Каспий жағалауы, ерекше географиялық рельеф пен тарихи нысандар «Доспехи Бога» фильмінің жаңа бөлімі үшін лайық орын ретінде таңдап алынған.

Фото: Видеодан скриншот

12
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023