ДСМ өкілі қандай эпидемиологиялық жағдайда оқушылардың қашықтан оқуға жіберілетінін айтты

Биыл 22 тамызда қол қойылған санитариялық-профилактикалық және санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізу туралы қаулыға сәйкес, егер оқушылардың ЖРВИ-мен сырқаттану деңгейі сыныпта 30%-дан асатын болса, онда оқыту онлайн-форматқа ауыстырылады.

«Бір сыныптағы оқушылардың 20–30%-ы инкубациялық кезең ішінде ЖРВИ-мен ауырған жағдайда, жалпы білім беретін ұйымдарда кабинет жүйесі тоқтатылады және он күнтізбелік күн бойы сыныптарға жаңа балаларды қабылдауға тыйым салынады. Ал ЖРВИ жағдайлары 30%-ға және одан жоғары деңгейде тіркелсе, оқушыларды онлайн оқытуға көшіру жүзеге асырылады», — деді ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Сархат Бейсенова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

163
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023