Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еліміздің денсаулық сақтау жүйесінде, барлық ведомстволық құрылымдарды қоса алғанда, шамамен 275 мың медицина қызметкері жұмыс істейді, оның ішінде 83 мыңнан астамы дәрігерлер, 191 мыңға жуығы орта медициналық персоналды құрайды.
«Жалпы, соңғы үш жылда медициналық кадрлар санының тұрақты түрде арту үрдісі байқалуда. Дәрігерлер саны бір жылда 2%-ға өсті. Қазіргі уақытта Қазақстанда дәрігерлермен және орта медициналық персоналмен қамтамасыз ету деңгейі ЭЫДҰ елдерінің орташа көрсеткіштерінен асып түсті, бұл біздің кадр саясатымыздың оң нәтижесі», - деді денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Оның айтуынша, мемлекеттік сектордағы бос жұмыс орындары бойынша медицина қызметкерлерінің тапшылығы өзекті болып қалуда.
«2024 жылдың қорытындысы бойынша дәрігерлер тапшылығы шамамен 4 мың бірлікті құрады, бірақ 2023 жылмен салыстырғанда дәрігерлердің тапшылығы 20%-ға қысқарғанын атап өткен жөн. Орта медициналық персоналға келетін болсақ, 2024 жылдың қорытындысы бойынша тапшылық 4200 бірлікті құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 7%-ға аз», - деді спикер.
Главный редактор: Мадина Жатканбаева
+7 777 471 71 40
777kakon@mail.ru
© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023