Делдалсыз жеткізу: Сауда министрлігі бағаны тұрақтандырудың қосымша шараларын ұсынды

Азық-түлік нарығындағы бағаны одан әрі тұрақтандыру мақсатында Сауда және интеграция министрлігі бірқатар қосымша шара әзірледі. Сауда комитетінің төрағасы Ернұр Жәутікбаевтің айтуынша, Бірыңғай үйлестірушінің басқаруымен бағаны тұрақтандырудың қолданыстағы тетіктерін іске асыруды орталықтандырылған түрде үйлестіру мүмкіндігі қарастырылуда. Бұл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның маусымдық ауытқуларын бәсеңдету шарттары мен әдістерін бір жүйеге келтіруге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру құзыретін Ауыл шаруашылығы министрлігінен Сауда және интеграция министрлігіне беру жүзеге асырылуда. Сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіру мен тұтынудың индикативтік балансын енгізу ұсынылып отыр.

«Цифрлық платформа базасында оператор құру көзделеді – бұл өнімді тікелей өндірушілерден егістік алқаптары мен қоймалардан сатып алуды, орталықтандырылған жабдықтауды және өнімді делдалдарсыз біркелкі бөлуді, нақты тауарлық нысаналы бағыттауды және маусымға қарамастан нарықты тұрақты, жоспарлы түрде қанықтыруды қамтамасыз етеді, бұл барлығы үшін ашықтықты, тұрақтылықты және әділ бағаларды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Бұл қандай тауарлар бойынша қамтамасыз етілу тапшылығы бар екенін және тиісінше қандай тауарлар бойынша күшейтілген бақылау мен сауда заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету қажеттігін анықтауға мүмкіндік береді.

16
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023