Блогер Ерболат Жанабылов пен әйелі үйқамаққа алынды

Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенованың қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Тергеу деректеріне сәйкес, 15 миллионнан астам жазылушысы бар ерлі-зайыпты онлайн курстарды сату сылтауымен заңсыз схема ұйымдастырған. Курстарды сатып алудың негізгі мәселесі қымбат сыйлықтар ұтысына қатысу болған.

Жүлде қоры жарияланғандай жеке қаражат есебінен емес, онлайн курстарға төлем жасаған қатысушылардың ақшасы есебінен қалыптастырылған. Сонымен қатар электронды "сәттілік барабанының" параметрлерін өзгерту фактілері анықталып, 5 000 теңгелік жүлдені ұтып алу ықтималдығы жасанды түрде арттырылған, ал құнды жүлделерді алу мүмкіндігі едәуір төмендетілген.

Күдіктілер акцияның қамту аясын кеңейту мақсатында ең көп репост жасаған қатысушыға 11-автокөлік табысталды деп жариялаған. Алайда іс жүзінде жеңімпаз анықталмаған және сыйлық берілмеген. Осылайша, азаматтардан Zhana Business ЖШС бақылауындағы шоттарға түскен қаражаттың жалпы сомасы 247,5 миллион теңге болған. Оның 60 миллион теңгесі депозиттік шоттарға салынған.

Сот санкциясымен iPhone 17 ұялы телефонына, сондай-ақ Lamborghini Urus пен Lexus LX 600 автокөліктерін қоса алғанда, 10 көлікке тыйым салынды. Күдіктілерге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазір олар қылмыстық іс материалдарымен танысып жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жарияланбады.

29
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023