"Бұйра шашымды да көре алмайды": Ерке Есмахан хейтерлерге жауап берді

Өнер иесі негатив пікір жазатын оқырманына ескерту жасады.

Өнер иесінің сөзінше, соңғы кезде өзін сынайтындардың қатары көбейген.

"Менің бұйра шашыма сенбей жатқандар көп екен. "Өтірік химия жасатқансың, биозавивка жасатқансың деп жазып жатыр. Бұйра шашымды да көре алмайды. Шок болып отырмын. "Еркені кішкентай кезінен білеміз. Оның шашы сондай сондай бұйра" деп туысқандарым жауап қайтарып жатыр. Адамдар неге менің өміріме қатты әуес екен. Оларды блокқа жіберсем, фейк парақшадан жазып отырады", – деп жазды Ерке.

Сондай-ақ негатив пікір жазатын адамдарды бірден қара тізімге енгізетінін жасырмады.

"Инстаграмда кез келген адамды блокқа жіберуім мүмкін. Аурамды бұзғым келмейді. Олармен ұрысып, энергия құртқым келмейді. Маған оқырманымның сапасы маңызды. Блокқа салғанда уын шашқан адам өзінің уына тұншығып жатқандай елестетемін", – деді өнер иесі.

Фото: Ерке Есмаханның жеке парақшасынан алынды.

13
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023