Биылғы желтоқсан айында ауыл шаруашылығы жәрмеңкелеріне миллионға жуық адам келді

Осы жылдың желтоқсан айының басынан бастап еліміздің өңірлерінде 250-ден астам ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті, оған миллионға жуық азамат қатысты, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Мұндай деректер вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен негізгі азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру жөніндегі кеңесте айтылды. Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова атап өткендей, жәрмеңкелерді өткізу тұрғындар арасында жоғары сұранысқа ие болуда, әкелінетін өнім көлемі толығымен сатылып жатыр.

«Ең көп картоп Қарағанды облысында сатылды – 110 тонна, Алматыда – 90 тонна, Шымкентте мерекелік демалыс күндері 45 тонна картоп сатылды», — деп атап өтті бірінші вице-министр.

Жәрмеңкелермен қатар өңірлердегі сауда сөрелеріне тұрақтандыру қорындағы көкөністер шығарылуда. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлының айтуынша, 19 желтоқсан күнгі мәліметке сәйкес тұрақтандыру қорындағы 9,2 тонна картоп, 2,6 тонна сәбіз, 2,8 тонна пияз бен 2,1 тонна қырыққабат сатылды. Сондай-ақ кеңесте әр өңірдің қажеттілігін ескере отырып, алдағы мамыр айына дейін қорлардағы көкөністерді сату кестесі ұсынылды.

Өткен аптаның қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының орташа өсу индексі – 0,1%-ды, ал жыл басынан – 1,1%-ды құрады.

Жиын соңында Серік Жұманғарин жәрмеңкелерді белсенді ұйымдастыруды және мереке қарсаңында бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында сауда заңнамасына миемлекеттік бақылауды күшейтуді тапсырды.

39
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023