Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Орталық коммуникация қызметі алаңында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму жағдайы мен алдағы жоспарлары туралы баяндады. 2023 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша ЖӨӨ көлемі 13%-ға өсіп,695,5 млрд теңгені құрады.
Биылғы жылдың 10 айында барлық индикаторлар бойынша жоспар артығымен орындалды. «Экономиканың өсу қарқыны 112,9% құрады. Былтыр 104% болған. Құрылыс саласында жұмыстар көлемі 1,5 есе ұлғайды, тұрғын үйді пайдалануға беру – 23%, сауда 1,6 есе өсті.
Жыл басынан бері облыс экономикасына 240 млрд теңге инвестиция тартылды, оның ішінде жеке инвестициялар – 143 млрд теңге. Республикалық бюджетке 180 млрд теңге түсті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,7 есе көп, жергілікті бюджетке түсімдер 25% өсіп, 60 млрд теңгені құрады», - деді спикер баспасөз конференциясында.
Дереккөз:ortcom
Главный редактор: Мадина Жатканбаева
+7 777 471 71 40
777kakon@mail.ru
© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023