Биылдан бастап «Ұлттық қор – балаларға» жобасы іске асырылуда

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2024 жылдан бастап «Ұлттық қор – балаларға» жобасы іске асырыла бастады.

ҚР Қаржы министрлігі Бюджеттік кредиттеу, ҚР Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаментінің директоры Айбол Арғынғазиновтың мәліметінше, Ұлттық қордың соңғы 18 жылдағы қалыптасқан орташа инвестициялық кірісінің мәні 695 519 269 АҚШ доллары сомасындағы қаражат 6 919 131 балаға теңдей бөлініп, әрбір баланың есепшотына 100,52 АҚШ доллары мөлшеріндегі нысаналы салым түсті.

«304 815 бала осы қаражатты 2024 жылы пайдалана алады. Қазіргі таңда салалық министрліктердің бұйрықтарымен қаражатты білім алу мен тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін пайдалану тәртібі айқындалған», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.(Дереккөз:ortcom)

7
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023