Биыл І жартыжылдықта тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі 3 есеге өсті

Алматы агломерциясын дамыту шеңберінде жүзеге асырылған ірі жоба - ұзындығы 66 шақырым болатын Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы (БАКАД).

Қазіргі уақытта бұл жолдың төңірегінде 5 ірі халықаралық компания жалпы құны $815 млрд теңгеге өндіріс орындарын ашпақ. Бұл жобалардың барлығы Алматы облысының инвестициялық тартымдылығын көрсетеді, деді Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Оның мәліметінше, биыл бірінші жартыжылдықта тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі $484 млн құрап, өткен жылмен салыстырғанда 3 есеге өсті. Құйылған қаржының 45%-ы өңдеу өнеркәсібіне жұмсалған. Жалпы 10 айда 519 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды, өсім 11%. 2030 жылға дейін есептелген инвестициялық қоржында 24 мың жұмыс орнын ашуды көздейтін, құны 3 трлн теңгеден асатын 209 жоба бар.

Дереккөз: ortcom

6
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023