"Бір сәтте күнәҺар болдым": Бағжан Октябрь Меккедегі әрекетіне қатысты жауап берді

Көпшіліктің сынына қалған танымал виолончелист Бағжан Октябрь жеке парақшасында жазба жариялады.

"Мен Threads-те бір мезетте жауыз болыппын. Біреуді ренжіткен болсам, кешірім сұраймын. Рақмет. Әлі екі күнім бар. Телефонды чемоданға салып, өз-өзіммен қалып, дұғаларымды тілей берейін", – деп жазды өнер иесі.

Өнер өкілі әрекетінің дұрыс болмағанын мойындады. Әрі ол қылығын сынаққа теңеді.

"Дым ойламай өзімнің күнде түсіріп жүрген TikTok дыбысыммен видео салдым. Барып ұйықтап телефонымды ашсам, TikTok-та шулап жатыр. Еш арам ойы жоқ мен, бір сәтте күнәҺар, тәкаппар, жауыз бола қалдым. Иә, мойындаймын бұл қылығымды, расымен де қате жасаған шығармын. Солай болса, мойындаймын және өз мойныммен көтеремін. Мен бұл күнге дейін ешкімнің ала жібін аттап, адамзат түгілі, жәндікке зияны тимеген адаммын. Мақұл, бұл да бір сынақ шығар. Осылай-осылай адам боламын", – деп жазды виолончелист.

Фото: Жеке парақшадан алынды.

29
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023