Өнер иесі жеке парақшасында жазба жариялады.
"Меломен" тобының экс-мүшесі Жігер Ауыпбаев өзінен 15 жас кіші қызбен көңіл жарастырды дегендерге жауап қатты.
"Адамның көзі тірі кезінде сөзден аманы жоқ, өлгеннің жаманы жоқ…! Біреуі “педофил…” дейді, Біреуі “теңің емес…” дейді, Біреуі “папасы сияқты…”дейді, Біреуі қарғайды… Біреуі көреалмаушылықтан арам ниетпен, ардан безіп, Құдайдың қаһарынан аттап өтіп сырттан сиқыр жасайды…” – деп жазды ол.
Одан кейін өнер иесі махаббатын кездестіргенін жасырмады.
"Бұлардың барлығы Алланың жүрекке салған махаббатымен бір-бірімізді жолықтырғанымыздың қасында түкке тұрғысыз әңгімелер. Хейт жаза беріңіздер… Сыртымнан ғайбат айта беріңіздер… Ақыреттік амал дәптерлеріңізді қандай амалға толтырамын десеңіздер де өздеріңіз білесіздер. Ал мен Алланың қалауымен ары қарай жылжи беремін”, – деп жазды ол.
Главный редактор: Мадина Жатканбаева
+7 777 471 71 40
777kakon@mail.ru
© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023