"Бір арлан туса, оны талауға 10 ит туады": Қыдырәлі Болманов боксшы Серік Сәпиевке қолдау білдірді

Айта кетейік, әлеуметтік желіде Олимпиада чемпионы, Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиевті оның орынбасары самбодан әлем және Азия чемпионы Дәурен Есімханов соққыға жыққан туралы ақпарат тараған еді.

Белгілі өнер иесі Қыдырәлі Болманов спортшыға қолдау білдіріп, оны жақтап шықты.

"Тәуелсіз Қазақстан тарихында Олимпиада ойындарында алтын медаль алып, чемпион атанған бар-жоғы жеті боксшымыз бар. Сегіз миллиард адамның ішінен суырылып шығу – кез келген спортшыға бұйыра бермейтін бақ. Ал Олимпиаданың ең үздік боксшысына берілетін "Баркер кубогына" ие болғандар одан да аз", – деп жазды продюсер.

Сондай-ақ, өнер иесінің сөзінше, Серік Сәпиев аталған Олимпиадада марапатты да жеңіп алған санаулы спортшылардың бірі көрінеді.

"Ел тарихында өз батырын өзі шүйліктірген кезеңді көріп пе едік? Серік пен Бекзаттай батырлар, қазіргі өсіп келе жатқан таланттар – бір ғасырда бір келетін дара дарындар емес пе?! Бір арлан туса, оны талауға 10 ит туады дейтін бе еді", – деп жазды әнші.

15
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023