Өнер иесі қасиетті мекенге барып, қажылығын өтеген.
Әнші Өктем Алтайдың ұлы виолончелист, Бағжан Октябрь халықтан сөз естіді. Көңілді видео түсірген өнер иесі қоғамда қызу талқылауға түсті.
Желі қолданушылары "Қасиетті мекенді мазақ етті", "Қажылықтың мәні жеңіл болып кетті", "Меккені мазаққа айналдырды" деп жазды көпшілік.
"Туризм ғой, қазір елден қалмайық деп бәрі бара береді. Имандары тасып, тақуа болып баратын адам азайды. Бұрын бару қиын кезде нағыз ниеті барлар ғана баратын", — деп жазды кезекті бір қолданушы.
Желіде күшейген сыннан кейін Бағжан Октябрь TikTok желісіндегі парақшасын бұғаттап тастағаны белгілі болды. Өнер иесі бұл жағдайға қатысты ресми пікір білдірген жоқ.
Фото: Видеодан скриншот
Главный редактор: Мадина Жатканбаева
+7 777 471 71 40
777kakon@mail.ru
© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023