Алау Нұртас – Қайрат Нұртастың ортаншы қызы.
Танымал әнші Қайрат Нұртастың қызы кино әлеміне бет бұрды.
"Алаудың болашақтағы арманына қарай аз-аздап қадам жасап жүргенін өздеріңіз білесіздер. Енді міне, үлкен картинаға шақырту алды. Мұны таптырмас тәжірибе деп қабылдап отырмын. Қазір Алауды әуежайға шығарып салуға бара жатырмын, бұйырса Алматыға ұшады. Азамат Сатыбалды, Еркебұлан Дайыров сынды кәсіби актерлермен бірге түседі. Алау басты рөлдердің бірінде ойнайды. Ана ретінде өте қатты қуаныштымын. Фильм осы көктемде үлкен экранға шығады", – деді Жұлдыз Әбдікәрімова.
Сондай-ақ Алау да қатты уайымдап жүргенін жасырмады.
"Қолдауыңызға рахмет, мама. Қазір аздап уайымдап жүрмін. Бұл – менің алғашқы үлкен жобам. Қобалжу бар", – деді ол.
Одан кейін актриса балаларына үнемі қолдау білдіретінін айтты.
"Ана болған соң, қызым үшін әрдайым алаңдап отырамын. Бағыт-бағдар беріп, қолдау көрсету – менің міндетім. Балаларымның барлық бастамасына дайынмын. Көрсін, білсін, ойлансын деген ниеттемін", – деп жазды ол.
Главный редактор: Мадина Жатканбаева
+7 777 471 71 40
777kakon@mail.ru
© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023