Барлық өңірде интернет-алаяқтықтарды тергеу бойынша «Киберпол» мамандандырылған топтары құрылды

Алаяқтарды ұстау үшін мемлекеттік органдар, қаржы мекемелері және жеке сектормен өзара іс-қимылды күшейтуге баса назар аударылып отыр. Мұндай қылмыстарды анықтауға және ашуға, сондай-ақ ұйымдастырушылар мен қатысушыларды ұстауға бағытталған шаралар кешені іске асырылуда. ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай ОКҚ алаңында осылай деді.

«Жедел-іздестіру іс-шараларының кешенін іске асыру барысында 2023- жылдың соңында тек Астана қаласында 4 алаяқтық Call-орталық анықталып, жойылды. Олардың қызметкерлері тек жақын және алыс шет елдердің байланыс операторларының нөмірлеріне қоңырау шалғаны анықталды. Іздеу іс-шаралары барысында гарнитурасы бар 170-тен астам ноутбук, арнайы бағдарламалармен қорғалған желілік жабдық тәркіленді», - деп хабарлады спикер.(Дереккөз:ortcom)

9
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023