Балалардың құқығы мен мүддесін қорғау механизмдерін жетілдіру мақсатында Бала құқықтары туралы конвенцияға хабарламалар рәсіміне қатысты факультативтік үшінші хаттама ратификацияланды. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында ұлттық заңнамаға бірқатар заңнамалық өзгерістер қабылданды.
«Атап айтқанда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жеке қолдау мен көмек көрсететін тәлімгерлік институты енгізілді. Жуырда қабылданған «Әйелдер мен балалардың құқығын қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі» заң аясында балаларға зорлық-зомбылықтың кез келген көрінісі үшін жауапкершілікті күшейтетін нормалар енгізілді. Сондай-ақ осы заң аясында психологиялық қолдау орталықтарын құру туралы әкімдіктердің құзіреті айқындалды», - деді ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.(Дереккөз:ortcom)
Главный редактор: Мадина Жатканбаева
+7 777 471 71 40
777kakon@mail.ru
© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023